Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 9%-ға өсті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

2026 жылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 353,1 млн долларға жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 324 млн долларға тең болған.

Қазақстаннан Бельгияға зығыр тұқымы, молибден кендері мен концентраттары, титан және одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ бидай экспортталады. Бельгиядан елімізге дәрілік заттар, қазандықтарға арналған қосалқы жабдықтар, мұнай өнімдері, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ вакциналар және басқа да медициналық препараттар жеткізіледі.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар