Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Абу Даби Сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Ахмед Жасим әл-Заабимен кездесіп, сауда, инвестиция және кәсіпкерлік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды мәселелерді талқылады.

Қазақстан мен Әмірліктер компаниялары үшін екі ел нарығындағы жаңа мүмкіндіктерді зерделеу ұсынылып, экономиканың басым секторларына өзара инвестиция тарту маңыздылығына назар аударылды.

Елші ауыл шаруашылық, логистика, жоғары технологиялар мен туризм салаларында бірлескен жобаларды іске асыру өзектілігіне тоқталып, Қазақстан өз кезегінде араб іскер тобына қолайлы жағдай қалыптастыруға әзір екенін жеткізді.

Ахмед Жасим әл-Зааби Абу Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы БАӘ нарығына қызығушылық білдірген қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі екендігін жеткізіп, еліміздің БАӘ-нің Орталық Азиядағы негізгі серіктесі атануға әлеуеті зор екенін атап өтті.

Тараптар іскерлік делегациялармен алмасуды, бизнес-форум, көрме мен конференция сияқты бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бағытында күш-жігерді жұмылдыру жөнінде уағдаласты.

Сонымен қатар, тараптар биік деңгейдегі өзара сапарларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыруға бейілділік танытып, оларды іске асыру үшін «жол картасын» әзірлеуге келісті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар