Қазақстан мен Аустрия серіктестігі

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андреа Бахермен кездесу өткізді.

Тараптар қазақ-аустриялық саяси және экономикалық өзара іс-қимылының қазіргі жағдайын қарастырып, оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Саяси диалогты ілгерілетудің маңыздылығы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын нығайту және өзара іс-қимылдың жаңа перспективалық салаларын айқындау ісінде Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңестің маңызды рөлі аталып өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне басты назар аударылды. Энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту және туризм экономикалық серіктестіктің перспективалық бағыттары ретінде қаралды.

Кездесу соңында Министрдің орынбасары Аустриямен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілділігін білдірді.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар