Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Ислам істері министрімен кездесті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат министрі шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Әл аш-Шейхпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы діни, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

М.Меңілбеков сұхбаттасына Қазақстанда биыл өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дайындық жұмыстары туралы айтып, осы іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан арнайы шақыру хатын табыс етті.

Өз кезегінде Абдуллатиф Әл аш-Шейх Съездің жиырма жылдан астам уақыт ішінде дінаралық диалогты дамыту мен әлемдік қауымдастық арасындағы түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, шақыру хатын зор ризашылықпен қабыл алды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы рухани, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар