Қазақстанның Сыртқы істер министрі араб елдерінің елшілерін қабылдады

Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің елімізде аккредиттелген араб мемлекеттерінің елшілерімен жұмыс кездесуі өтті.

Басқосудың негізгі тақырыбы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистика салаларына ерекше назар аударылды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар