Қазақстандық спортшы таэквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан (WT) таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшысы Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Канада өкілі Никола Самордичпен шеберлік байқасып, айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар