Қазақстандықтар 5 елде QR-кодпен төлей алады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан QR-төлем жүйелерін біріктіруді жоспарлап отыр.

Осылайша шетелде жүргенде өзіміздің банк қосымшамыз арқылы төлем жасай аламыз. Жергілікті төлем жүйесін іздеудің қажеті болмайды.

Біріктіру механизмін 2026 жылдың соңына дейін дайындау көзделген. Сонымен қатар 5 ел тұрғындары арасында ақшаны лезде аудару мүмкіндігі де қарастырылады.

Келісім Тәжікстанда өткен ұлттық банк өкілдерінің өңірлік кездесуінде жасалды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар