Елімізде ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Соңғысы 2009 жылы өткен болса, келесісі 2019-да өткізілу керек болатын. Алайда, санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді және былтырғы карантиндік шектеулерді ескере отырып, оны 2021 жылы өткізу жайлы шешім қабылданған. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Келес ауданына іс-сапармен келіп, халық санағына дайындықтар барысымен танысты.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Дінислам Тәліпбай