Қазақстанда қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект енгізілуде

Жасанды интеллект қазақстандық құқық қорғау органдарына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Мәселен, Астана және Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табуға көмектесетін талдамалық модулдер енгізілді. Осы шешімді әзірлеушілердің пікірінше, ақпараттық жүйені денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда енгізуге болады.

«Біз – қазақстандық бағдарламалық жасақтама әзірлеушілеріміз. Біздің флагмандық шешіміміз – ЖИ технологиясын қолданатын интеллектуалды бейнебақылау платформасы. Оның басты артықшылығы – кіріктірілген бейне-аналитикалық модулдері бар бейнебақылауды басқару жүйесі саласындағы шешім: бет-әлпетті тану, көлікті тану, сондай-ақ ситуациялық сараптама. Бұл – жасанды интеллектінің дамуымен байланысты. Біздің сараптамалық модулдеріміз жасанды интеллект технологиясына, нейрондық желілерді оқытуға негізделген. Біздің бағдарламалық жасақтама ұсынатын функционалдылық – бұл құқық бұзушылар мен хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуді қоса алғанда, қоғамдық тәртіпті тікелей қамтамасыз ету. Дегенмен, біздің жүйенің функционалдығы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, білім беру салаларында да қолдануға болады. Жасанды интеллектіге негізделген бейне-аналитика барлық жерде қолданылады», – деп атап өтті Cerebro іnovation tecnology’s бас директоры Вячеслав Пак.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар