Қазақстанда ішкі туристер саны 8,6 миллионнан асты  

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы жеті жылда орналастыру орындарының қызметін пайдаланатын ішкі туристер саны 84,4 пайызға артты.

2019 жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн адам болса, 2025 жылдың қорытындысында 8,66 млн адамға жетті. Ал 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Туристер ағынының артуы саланың экономикалық көрсеткіштеріне де оң әсер еткен. 2019 жылдан бері туризм саласынан түсетін салық көлемі 160 млрд теңгеден 630 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар