
Қазақстанда биылғы 1 мамырдан бастап цифрлық активтер нарығын жалпыұлттық деңгейде реттеудің кешенді моделі күшіне енді.
Бүгінде нарықта қандай өзгеріс бар?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жаңа заңнамада стейблкоиндер, токенделген нақты активтер мен қаржы құралдарын шығару, сақтау және есепке алу талаптары белгіленді.
Криптовалюталардың заңды айналымының шеңбері айқындалды.
Нарыққа криптобиржалар, криптоайырбастау пункттері және активтерді токендеу платформалары сияқты провайдерлер енгізілді.
Дереккөз: @baq_kz


