Қазақстанда республикалық жастар форумы бастау алды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады.

Форумға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам белсенді жас – инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-әзірлеушілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. Барлық қатысушы 35 жасқа дейінгі, мақсаты айқын, жаңа сынақтарға дайын және кәсіби өсуге бағытталған жандар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев делегаттарға құттықтау сөз сөйлеп, жастар қоғамның қозғаушы күші және елді жаңғыртудың басты қозғалтқышы екенін атап өтті. Форумға қатысушыларға Мемлекет басшысының бейне құттықтауы LED-экран арқылы көрсетілді.
Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.

«Бүгін мұнда мықты, бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан дамыған Қазақстанды қалыптастыратын жастар жиналып отыр. Біздің елімізде халықтың үштен бірі жастар, азаматтардың орташа жасы 32 жасты құрайды және бұл үлес өсуде. Сондықтан Жұмысшы мамандықтары жылын жариялау олардың беделін арттыру және техникалық мамандықтарды жастар арасында танымал ету үшін маңызды қадам болды», — деп атап өтті вице-премьер.

Ол Үкіметтің жас қазақстандықтарды қолдау бойынша кешенді шаралар іске асырып жатқанын хабарлады.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар