Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін алу қиындайды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

1 қазаннан бастап жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібі өзгереді. Еңбек министрлігі жаңа жүйені әзірге пилоттық жоба ретінде енгізбек. Қазір азаматқа жұмыссыз мәртебесін беру үшін 2 күн ішінде жұмыс ұсынылады. Жаңа тәртіп бойынша бұл мерзім 13 күнге дейін ұзарады.

Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары азаматтың:

  • еңбек тәжірибесін;
  • кәсіби дағдыларын;
  • қандай жұмыс қажет екенін анықтайды.

Содан кейін оған сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болса, мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысады. Демек жаңа жүйеде адамды бірден «жұмыссыз» деп тіркей салмай, алдымен оған лайық жұмыс табуға тырысады. Мансап орталығы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары да осы жаңа тәртіп бойынша арнайы оқудан өтеді. Министрлік бұл жүйені пилоттық жоба кезінде сынап, анықталған кемшіліктерді түзетпек.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар