
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы неке статистикасын жариялады. Жыл басынан бері елімізде 74 648 неке тіркелген.
Ең көп неке жаз мезгілінде қиылған – үш айда 38 мыңнан астам жұп отау құрды. Маусымда 15 мыңнан астам, тамызда 11 761, ал шілдеде 11 674 неке тіркелген.
Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр – 12 344 неке. Одан кейін Астана – 9 074 және Түркістан облысы – 5 611 неке.
Дереккөз: @baq_kz


