
Жыл басынан бері елімізде 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келгені тіркелді. Статистикаға сәйкес, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында төртем туған жағдайлар тіркелмеген.
Егіздердің ең көп саны:
— Түркістан облысы — 263
— Алматы — 245
— Алматы облысы — 175
Үшемдер бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
— Түркістан облысы
— Атырау облысы
— Шымкент
Әр өңірде үшемнің 3 жағдайы тіркелген.
Жалпы, Қазақстанда 4 ай ішінде 99,4 мың сәби дүниеге келген. Туу көрсеткіші бойынша көшбасшылар:
— Түркістан облысы
— Шымкент
— Маңғыстау облысы.
Дереккөз: 24kz


