Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған Халықтық Конституцияны қолдау жұмыстары Сарыағаш өңірінде қарқынды жалғасуда. Халықтық коалиция мүшелері ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Жиын барысында жаңа бастамалардың маңызы түсіндіріліп, реформалардың ел дамуына ықпалы жан-жақты баяндалуда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Айдос Дәулет


