Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» компаниясында жаңа қызметке кірісті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Шымкент қаласының экс-әкімі Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасының операциялар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап кірісті.

Ғабидолла Әбдірахымов экономика және менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар. Ол бұрын мемлекеттік қызметте, Президент әкімшілігінде және үкіметте басшылық лауазымдарды атқарған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар