ІҚМ бұқашықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ІҚМ бұқашықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 8 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) бұқашықтарын әкетуге тыйым салу шарасын қажет болған жағдайда ВАК-қа шығармай, одан әрі автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 416 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қосымша жүктеу мақсатында уақытша тыйым салынды.

Бұйрық 2025 жылғы 5 қарашадан бастап күшіне енді.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар