Ішкі туризм 7 жылда 3,37 млн адамға артты

Фото: ЖИ

Қазақстанда ішкі туристер саны 2019 жылғы 5,29 млн адамнан 2025 жылы 8,66 млн адамға жетті. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 11 млн-ға жеткізу жоспарланған.

Туризмді дамытуға 150 млрд теңге бөлініп, жобаларды жылдық 7% мөлшерлемемен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

Ұлттық табиғи парктерге келушілер саны да өсті. 2019 жылы 1,38 млн адам барса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,6 млн-ға жетті.

2021–2025 жылдары Қазақстанның туристік аймақтары мен жол бойында 483 санитариялық-гигиеналық торап іске қосылды. Оның 219-ы 2024 жылы, 110-ы 2025 жылы орнатылған.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар