
18 жастағы испаниялық ойыншы Ла Лиганың 33-турындағы «Сельтаға» (1:0) қарсы матчта сол жақ сан бұлшық етін оңбай зақымдап алыпты.
Осыған байланысты бес аптадан төрт айға дейін ойнамауы мүмкін. Егер жағдайы ойлағаннан да ауыр болып шықса тіпті Әлем чемпионатынан да тыс қалады. Ол бүгін медициналық тексерістен өтеді, сонда нақтысы белгілі болады.
18 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Дереккөз: soqqy.kz


