Өте тәрбиелі, жасына сай білімді және өнерлі. Бұл теңеу Қапланбек ауылдық округіндегі «Элис-М» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері туралы айтылып жатқан пікірлердің бірі. Бүгін аталған бөбектер ұясында «Қош бол, балабақшам» атты түлектердің балабақшамен қоштасуы болып өтті.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы