
Жоба аясындағы өзара түсіністік туралы меморандум Қазақстан Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Энергетика министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және YPP Corporation арасында жасалды.
Құжатқа қол қою тараптардың жаңартылатын және сутегі энергетикасы саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға және осы бағыттағы перспективалы жобалар мен бастамаларды бірлесіп пысықтау үшін жағдай жасауға ниетті екенін көрсетеді, – делінген ақпаратта.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


