Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алдын ала болжам бойынша марқұмдардың барлығы газдан уланып ажал құшқан. Марқұмдардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені 32 жастағы келіншек.

Түскі 13:00 шамасында жұмыстан үйіне келген үшінші қабат тұрғыны далаға шығып көмек сұраған екен. Үйдегі жуынатын бөлме есігін бұзып кіргенде 18 жастағы студент қыздың мәйіті табылған. Екі сағаттан төртінші қабаттың тағы екі пәтерінен үш адамның мәйіті табылған. Бірі терезені ашуға талпынып құлаған студент жігіт болса, қалған екеуі оқушы қыз бен оның жеңгесі.

Шымкент қалалық полиция департаменті аталмыш іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp