Су тасқынынынан зардап шеккен аймақтарға сарыағаштықтар да қол ұшын созуда. Қарғын су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтіп жатыр. Сондай-ақ Көктеректегі бірқатар шипажай ұжымы да төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі тұрғындар үшін емдеу-сауықтыру орталығына жолдама бермек. Бұл туралы Көктерек шипажайында өткен жүздесуде мәлім болды. Емдеу-сауықтыру орталықтарының басшылығы игі істен шет қалмай, көмек ретінде 200-ден астам жолдама ұсынып отыр.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Аман Асылбек