Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің тұрғындарын Солтүстікке көшіруді ұйымдастыру мақсатында Келес ауданында да «Ашық есік» акциясы болып өтті. Шараға Павлодар облысының Баянауыл және Успенко ауданынан келген делегация да қатысып, жәрмеңкеге келген азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет