Айбынды армия, әлеуеті мықты ел әскерінің қатары әр жыл сайын толығып келеді. Күні кеше көктемде әскер қатарына шақырылған Түркістан облысының жас сарбаздары Отан алдындағы борышын өтеу үшін Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасына келді. Олар үшін ашық есік күні де ұйымдастырылып, 3 айдан соң туған-туыспен ерекше қауышты. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы