Көкөніс өсіруден алдыңғы қатарда тұрған Сарыағаш ауданына Батыс Қазақстан облысынан делегаттар келді. Мақсат – өңірде өндірілетін өнімдерді делдалсыз, қос тарапқа да қолайлы болатын бағада сатып алу. Нарықта баға әлі қалыптаспай тұрып, ерте егілген қырыққабаттың құнын шығаруға шаруалар қаншалықты құлық танытты? Келіссөздер барысын Нағима Әбдірахым айтып берсін.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек