«Шалқар» зияткерлік мектеп-интернатының шабыты шалқар оқушылары жаңа өмірге қадам басты. Шәкірттердің алтын ұясына айналып үлгерген білім ордасынан биыл алғашқы түлектері қолдарына аттестарын алып, биік белестерді бағындыруға бет бұрды. Озат та үлгілі оқушылардың ішінде шет елде тегін білім грантын жеңіп алғандар да бар. Толығырақ, жас түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсіміне қатысып қайтқан тілші сюжетінен көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам