Цифрландыру және ЖИ жылы, Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру: Үкіметте Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралуда

Фото: ЖИ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен қоғам өмірінің барлық салаларын цифрлық трансформациялауды жеделдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің жасанды интеллект негізіндегі заманауи экожүйесін қалыптастыру мәселелері қаралуда.

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы шеңберінде мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылын одан әрі цифрландыруға назар аударылды.

«Мемлекет басшысы еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанын әрдайым атап өтуде. Бұл орайда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бастапқы қадамға айналды. Биыл маусым айында «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Онда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Дереккөз: Үкіметтің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар