Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара барысында үздік заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және олардың күнделікті өмірде туындайтын заңдық мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас




