“Қабланбек ауылдық округінің жағдайы өзге ауылдармен салыстырғанда жоғары”. Қабланбек ауылдық округі тұрғындарымен кездескен өңір басшысы Мұхит Отаршиев, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Әкім мырза әдеттегідей, ең алдымен, өткен кездесулерде халық тарапынан ұсынылған талап-тілектердің орындалуы турасында баяндама жасады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков