Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.

Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар