Сарыағаш ауданының абыройын асқақтатқан тағы бір чемпион шықты. Қызылжар елді мекенінің тумасы, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі Темірлан Шамет Ресейдің Владивосток қаласында өткен халықаралық мас-рестлинг турнирінде жүлделі ІІІ орын иеленді. 14 елдің мықты спортшылары бақ сынаған дүбірлі додада ол табандылығымен танылып, көк байрағымызды көкте желбіретті.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс