Хайп үшін жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Фото: POLISIA.KZ

Семейде Toyota Camry 55 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзып, соны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Жас жігіт бір апта ішінде жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жолда рұқсат етілмеген маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану сынды әрекеттерін бейнежазбаға әдейі түсірген. Сонымен қатар оның көлігінде алдыңғы мемлекеттік нөмір болмаған, ал орнына тыйым салынған жарық шамдары орнатылған.

Құқық бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Дереккөз: POLISIA.KZ

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар