
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
2026 жылдың сәуір айының бірінші онкүндігі мен мамыр айының үшінші онкүндіктері аралығында Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Тегісшіл, Құркелес, Қабланбек, Жібек жолы, Дербісек, Ақжар, Қызылжар ауылдық округтер аумағында аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне (личинка) қарсы жалпы алаңы 88,6 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстары жерүсті техникалары мен АН-2 ұшақтарының көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда.
Аса қауіпті марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қауіптілігі жоғары пестицидтер арқылы жүзеге асырылатындығын назарларыңызға жеткіземіз. Химиялық препараттар бал араларына өте қауіпті (қауіптілігі П-1).
Осыған орай, бал ара омарталарын химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтан кем дегенде 5-10 километрден ұзақ жерлерге орналастырып, бал араларының ұшып-қонуын химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген алқаптарда 90-120 сағатқа (4-5 тәулік) шектеу қажет екендігін естеріңізге саламыз.





