ХАБАРЛАНДЫРУ

       «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсын аяқтап сертификат алған азаматтар  жаңа бизнес идеялары бойынша қайтарымсыз мемлекеттік грантқа  2022 жылғы 8-19 тамыз аралығында «Business.enbek.kz» порталында  электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы өтінім бере алады.

      Мемлекеттік грантқа төмендегі санаттарға жататын қатысушылар жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алады:

  • Жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін);
  • Аз қамтылған отбасы мүшелері- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • Көпбалалы отбасылар – көпбалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар;
  • Қандастар, қоныс аударғандар;
  • Мүгедектігі бар адамдар – жұмысқа жарамдылық анықтамасы барлар;
  • Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп, жәрдемақы алушылар;
  • Асыраушысынан айырылғандар – асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Атап өту қажет!

  • Соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан азаматтар үміткер бола алмайды;
  • Грант бір рет қана беріледі, бұрын алған қатысушылар қатыса алмайды.
  • Бастау бизнес бобасы аясында оқып,сертификат алмаған азаматтар үміткер бола алмайды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар