Флик «Барселонадан» кетуі мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым аяқталғаннан кейін каталондық клубтан кетуі ықтимал. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, егер қазіргі президент Жоан Лапорта алдағы сайлауда қайта сайланбаса, неміс маманы қызметінен кетеді. Президенттік сайлау 15 наурызға жоспарланған. Ал жаңа клуб басшысы 1 шілдеден бастап қызметіне кіріседі.

Флик өзін Лапорта жобасының бір бөлігі санайды және келісімшартты ұзарту мәселесін тек қазіргі президент жеңіске жеткен жағдайда ғана талқылауға дайын. 1 шілдеге дейін бұл бағытта ешқандай нақты қадам жасалмайды.

Айта кетейік, президенттікке үміткерлердің бірі Виктор Фонт өз жеңісі жағдайында Фликті бас бапкер қызметінде қалдыруға ниетті екенін мәлімдеген. Дегенмен, неміс маманының болашағы сайлау қорытындысына тікелей байланысты болмақ.

Ханси Флик «Барселонаны» 2024/25 жылғы маусым қарсаңында тізгіндеді. Осы уақыт ішінде команда Ла Лига чемпионы атанып, Испания Кубогын жеңіп алды және екі рет Испания Суперкубогын иеленді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp