
Филиппиннің Себу қаласы маңында болған жойқын су тасқыны салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам хабар-ошарсыз кетті, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.
«Калмаеги» тайфунының әсерінен жауған толассыз жаңбыр бірнеше сағат ішінде судың деңгейін екінші қабатқа дейін көтеріп жіберген. Ағын судың күшімен көліктер мен үй жануарларын ағызып әкеткен, мыңдаған тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды.

Тайфун қазіргі уақытта Вьетнам бағытына қарай жылжып келеді.
Дереккөз: 24kz


