Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне себеп болған тұрғын үйдің қасбеті әлі жөнделмеген

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиғадан кейін ғимараттың қасбеті уақытша жөнделген. Бірақ тұрғындар қабырғадағы жарықшақ пен салбырап тұрған тордың сол күйі қалғанын айтады.

Биыл ақпандағы техникалық қорытындыда үйдің жағдайы төртінші дәрежелі апатты деп көрсетілген.

Тұрғындарға қасбетті өз қаржыларына жөндеу үшін несие алу ұсынылған. Ай сайынғы төлем шамамен 50 мың теңге болуы мүмкін.

Тұрғындар жауапкершілікті тек мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына жүктеуге болмайды деп есептейді. Олардың пікірінше, үйді салған құрылыс компаниясы мен нысанды пайдалануға қабылдаған тұлғалар да жауап беруі керек. Тұрғындар он ай бойы әкімдік пен прокуратураға бірнеше рет жүгінген. Алайда ғимараттағы қауіп әлі толық жойылмаған.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар