
Сәуле Жаңабаева, Сарыағаш қаласында орналасқан №653 референдум учаскесінде «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілі. Сәуле Жанабаева, өз сөзінде «Учаске заңға сәйкес уақтылы ашылды, ашылған сәттен бастап бос жәшіктердің мөрленуін байқадым – барлығы ашық әрі заң талаптарына сай, ешқандай бұзушылық байқалған жоқ. Учаскеде жағдай тыныш, адамдар жақсы көңіл-күймен алғашқы дауыс берушілер келіп жатыр, комиссия мүшелері ұлттық киіммен сыпайы әрі көмектесуге дайын. Мүгедектігі бар азаматтар үшін де барлық жағдай жасалған: кіреберісте берік пандус орнатылған, ал іште арбадағы адамдарға оңай кіруге болатын арнайы кабина бар», – екенін айтты .





