
34 жобаны қаржыландыруға кәдеге жарату төлемдері есебінен 122,6 млрд теңге бөлінді. Жобалар жаңа қайта өңдеу өндірістерін салуды, сұрыптау кешендерін құруды және арнайы техника сатып алуды көздейді. Экология министрлігінің хабарлауынша, 440 млрд теңге болатын 67 жоба мақұлданды. Оның ішінде 34 жоба қаржыландырылды.
Қаржыландырылған жобалардың 6-уы жылдық жалпы қуаты 650 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау нысандарын құруды көздейді. Тағы 18 жоба жылына 435 мың тонна қалдықты қайта өңдеу қуаттарын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар 10 жоба аясында 177 бірлік арнайы техника сатып алу қарастырылған.
Қаржыландырудың ең көп көлемі Алматы қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы жобаларға бағытталған. Сонымен қатар жобалар Атырау, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында, Астана мен Шымкент қалаларында және еліміздің басқа да өңірлерінде жүзеге асырылуда.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


