“Тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін”. Шалыс естіген жоқсыз. Бұл – Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың пессимистік сценарий бойынша болжамы. Атышулы жаңа штамның елімізде пайда болуына байланысты, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде болжам жасаған болатын. Сандарды естігенде шошисың, тіпті. Министрдің сөзіне қарағанда, оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100 пайыз қамтылған күннің өзінде, тәулігіне 17 500 жағдай тіркеледі-мыс. Ал қазіргі таңда елдегі эпид ахуал тым күрделі. Бетперде тағып, сақтық шараларын ұстамайтындар да бар. Бір ғана орталық аурухананың өзінде маска режимін сақтамайтындар да жетерлік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет