Заң мен тәртіпті нығайту, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Сарыағаш ауданының Алып сауда орталығында «Халық заңгері» атты кең көлемді қабылдау шарасы екінші рет ұйымдастырылды. Халықтың айтарлықтай түйікілді мәселелерін шешуге бағытталған шараға 33 түрлі сала мамандары қатысып, тұрғындарға ашық форматта кеңес ұсынылды. Ашық диалог барысында халық көтерген жағдайы қандай? Толығырақ, жиын барысында болып қайтқан тілшіміз жалғастырсын.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас



