Amanat партиясының Сарыағаш аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Жәнібек Сүлейменов, Жомарт Әбдібаев, аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев және партияның аудандық филиал төрағасы Шермат Ибрагимов қатысып, тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдады. Қабылдаудың басты мақсаты – халық пен билік арасындағы ашық диалогты қалыптастырып, өзекті мәселелерді заң аясында шешу.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін




