8-қыркүйек – Отбасы күні мерекесіне орай, аудан басшысы Арман Абдуллаев 71 жыл отандасқан өнегелі шаңырақтың шамшырақтарын мерейлі мерекемен құттықтады.
Жылғалық керегесі кең, терезесі тең мерейлі отбасының отағасы Өмір Қойшығұлов бүгінде 99 жаста. Жастайынан еңбекқор болған қария “Сырдария” асылтұқымды қаракөл қой зауыты” совхозында еселі еңбек еткен. Еңбек және тыл ардагері. Ал жасы 91-ге жеткен жұбайы, кимешегін күн сүйген асыл әже Айпаршын Қойшығығұлова болса, ерімен бірдей совхозда тынбай еңбек еткен тыл ардагері. Шаңырақты шаттыққа бөлер 6 баласынан 23 немере, 48 шөбере сүйіп отыр. Осынау айтулы мерекеде көпке үлгі сәні мен салтанаты жарасқан берекелі шаңырақтағы абзал жандарды құттықтаған аудан басшысы ақсақал мен әжейге ұзақ өмір, зор денсаулық тілеп, ақжарма ниетін жеткізді.