
Юнус Эмре институтының қолдауымен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Нидерландыдағы Евразиялық перспективалар ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Түркі әдебиеттануы: Қазақ және Орта Азия перспективалары» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шара түркі әдебиеттану мәселелеріне, ауызша және жазбаша дәстүрлерді зерттеуге, сондай-ақ түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасына арналды.
Конференция мақсаттары – түркітану саласындағы идеялар мен ғылыми зерттеулермен алмасу, түркі тілдес қауымдардың сөздік мұрасын зерттеу мен талдауға арналған жалпы мәдени-ғылыми контекст ретінде, сондай-ақ Еуропадағы әдебиетшілер мен жазушылармен диалог орнату. Күн тәртібінде мынадай тақырыптар қаралды: деректерді пайдалану (көне сөздіктер, эпикалық аңыздар, ауызша және жазбаша дәстүрлер), ХХ ғасыр әдебиетіндегі түркі халқының ұлттық ерекшелігін зерттеу, «Манас» эпосын және «Жаңғыр» эпосын талдау, Қожа Ахмет Яссауидің мұралары мен оны мәңгілендіру, көне түркі поэзиясы және Махмұд Қашқари «Диуан лұғат ат-түрк» мәтіндері, сондай-ақ түркітану ретінде аралас ғылыми бағыт.
Конференцияға негізгі баяндамашылар ретінде белгілі қазақстандық әдебиеттанушылар қатысты: Әуезов атындағы институттың жетекші ғылыми қызметкері, профессор Гүлзия Пирали, Алматыдағы М. Әуезов атындағы үй-музейдің директоры және директор орынбасары Диар Қонаев пен Салтанат Мұқатаева, Институттың ғылыми қызметкерлері Ермек Ханкей мен Нұр Магажбеков. Ғылыми және ағартушылық қызметінің нәтижелерімен әдебиет тарихшысы, философия докторы Зифа-Алуа Әуезова және академик Әлкей Марғұлан атындағы қордың жетекшісі Дәме Марғұлан бөлісті. Белгілі нидерландтық түркітанушылардың баяндамалары да үлкен қызығушылық тудырды – антрополог-манасшы, доктор Нинке ван дер Хайде және қазақ тілінде баяндама жасаған тіл ғылымының докторы Роберт Эрмерс. Қожа Ахмет Яссауидің ғылыми мұрасын танымал исламтанушы және дін зерттеушісі Анне Дийк өз көзқарасымен таныстырды.
Қатысушыларға қошемет білдіре отырып, Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Нидерландтар мен Еуропа біздің елімізді және оның таусылмас әлеуетін қазақтың көрнекті жазушылары мен ғалымдарының шығармашылығы мен еңбектері арқылы танып жатқанын атап өтті, осы ретте түркітану саласындағы зерттеулер Орталық Азия елдерінің қазіргі жағдайда жаңа Жібек жолында сенімді серіктес әрі өсім аймағы ретінде біртұтас және ортақ мақсатқа бағытталғанын көрсетеді.
Еуропалық зерттеушілерге қазақ ғалымдарының, ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің бұған дейін жарияланбаған еңбектеріне негізделген ғылыми-әдеби еңбектерінің сериясы таныстырылды. Олардың ішінде Г. Пиралидің ағылшын тіліне аударылған «Мұхтар Әуезов және Жамбыл» және «Мұхтар Әуезов және Манас эпосын зерттеу мәселелері» атты еңбектері бар.
Конференция зерттеушілерді, студенттерді, гуманитарлық ғылымдар өкілдерін, Нидерландтағы қазақ қауымдастығының мүшелерін біріктіріп, түркі әлемінің бай әдеби және мәдени мұрасына қызығушылық танытқан тұлғаларды жинады және Еуропа мен Азия арасындағы гуманитарлық және академиялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Қазақстан делегациясы Гаагадағы Елшілігіне барып, маңызды іс-шараның қорытындылары шығарылды, Қазақстан мен Нидерландтар арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашақ перспективалары туралы пікір алмасып, ғылым, мәдениет және білім саласындағы бірлескен жобаларға қатысты нақты ұсыныстармен бөлісті.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі