Түркістан қаласында теннис орталығы ашылды

Күні кеше Түркістан қаласында теннис орталығы ашылды. Бұл шараның орындалу уақыты 2024 жылға жоспарланған еді. Жол картаның «Бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау» 3.4 тармағына сәйкес жоспарланған уақытынан 2 жыл бұрын іске асырылды.

Бюджет құны 2 млрд. 215 мың теңгені құрайды. Нысанның жалпы ауданы – 5 мың шаршы метр. Бұл Жол картасы аясында рухани шаһарда ашылған 3-ші спорттық нысан. Алғашқысы 7 мың орындық «Түркістан Арена» стадионы болса, кейінгісі «Olympic center» спорт кешені былтыр қолданысқа берілген. 

Еске салсақ, 2021 жылы Түркістан облысы бойынша 1597 іс-шара жоспарланып, оның 95%- ы орындалған. Өңірде 44 жаңа мектеп, 1 балабақша ашылды. Сондай-ақ Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекенінде 150 адамдық спорттық-сауықтыру кешені, Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш аудандарының елді мекендерінде спорт алаңшалары  да пайдалануға берілген. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар