ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИСПАНИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Испанияның «Aqualia» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, ауыз су саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында облыс әкімі Түркістан өңірінде инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді басқару, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық тәжірибені пайдалану маңызды екеніне тоқталды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

– Түркістан – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Өңірде кәсіпорындар, жаңа зауыттар ашылуда. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды талқылауға, әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. «Aqualia» компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Хосе Мигель Сантос Гонсалес су инфрақұрылымын жаңғырту жобалары туралы баяндады. Әріптестік орнатып, бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тараптар өңірдегі ауыз су жүйелерін жаңғырту, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру және инвестициялық ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта нақты жобалар пысықталып, өзара тиімді әріптестік бағыттары айқындалатын болды. «Aqualia» компаниясы – су ресурстарын басқару және сумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін халықаралық операторлардың бірі. Компания әлемнің 18 елінде, атап айтқанда Еуропа, Латын Америкасы, Солтүстік Африка және Батыс Азия аумағындағы мемлекеттерде жұмыс істейді.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар