Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген.

Оның үйінің бақшасынан заңсыз фитозертхана анықталды. Арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан астам есірткі салынған қаптар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар