
Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған.
Атап айтқанда, «Агрохолдинг Туркестан» және «JMJ-Агро» ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген. Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған. Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған.
Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Күдікті қамауға алынды.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


